Голландия мемлекеті Қазақстанға ЕҚЫҰ-ына табысты төрағалық етуі үшін қолдау көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голландия мемлекеті Қазақстанға ЕҚЫҰ-ына табысты төрағалық етуі үшін қолдау көрсетеді

Голландия мемлекеті Қазақстанға ЕҚЫҰ-ына табысты төрағалық етуі үшін қолдау көрсетеді

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Голландия мемлекеті Қазақстанға ЕҚЫҰ-ына табысты төрағалық ету үшін оған белсенді қолдау көрсетпек ниетте. Бұдан өзге, Қазақстан Республикасының Еуроодақпен ынтымақтастығын кеңейту үшін Голландия ықпал етуге дайын, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 1115
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланды премьер-министрі Ян Петер Балкенендемен телефон арқылы әңгімелескен.

Премьер-министр Қазақстан президентін «Қазақстанның сыртқы саясатындағы үлкен табыспен, яғни Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық ету қызметіне сайлануымен» құттықтады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Әңгіме барысында «Қашаған» жобасына байланысты туындаған жағдай да сөз болды. «Тараптар жобаның қатысушылары бұл проблеманы әлі де түпкілікті реттемегендігіне алаңдаушылық білдірді. Алайда, бұл мәселеде өзара тиімді шешімге қол жеткізілетіндігіне сенім білдірді», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, әңгіме барысында екі жақты қарым-қатынастардың кейбір мәселелері сөз етілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті