Жарияланды: 400

Голливуд жұлдыздары тізе бүгіп Ислам дініне құрмет көрсетті

Голливуд жұлдыздары тізе бүгіп Ислам дініне құрмет көрсетті

Шетелдік киноактерлер Шығыс Қазақстан облысындағы орталық мешітте болды.

Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешітіне ат басын тіреген голливуд жұлдыздары қол жайып, беттерін сипап, Ислам дініне құрмет көрсетті деп хабарлайды zakon.kz.

Мешіттің келбетіне таңдай қаққан әртістер оның ашылу тарихынан мағлұмат алды. 

 Ал Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай арнайы дұға жасап, қонақтарға ақ жол тіледі. Сонымен қатар, жұлдыздарға облыстық мешіттің атынан Шығыс Қазақстан туралы сыр шертетін кітап ұсынды.

Бұдан кейін Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскос және Эрик Робертс Андреев шіркеуіне ат басын бұрды. Мұнда Өскемен және Семей епархиясының епископы Амфилохий қонақтарды алтын түсті күмбезді шіркеудің тарихымен таныстырды.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін