Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды

Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) орта салмақтағы IBO чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты.

  • 15 Маусым 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz


Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Левин орта салмақтағы чемпиондық атақ өз иесін күтетінін мәлімдеді, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Геннадий мен IBO арасындағы байланыс 12 жылға жалғасты. 22 жекпе-жек болды. Біздің белбеумен оның орта салмақтағы чемпиондық жолы басталды. Басты қарсыластары қаншама жыл жұдырықтасудан сескеніп-ақ жүрді. Себебі ол бірде-бір рет нокдаунға түспеген мықты боксшы болды. Оның чемпиондық атақтан бас тартқан шешіміне құрметпен қараймыз. Әрине, өкінішті. Бұл атақ осы салмақтағы өз иесін күтеді», – деді Эд Левин.