Головкин - Джэйкобс жекпе-жегі келесі жылға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин - Джэйкобс жекпе-жегі келесі жылға қалды

Головкин - Джэйкобс жекпе-жегі келесі жылға қалды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеуінің иегері Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA тұжырымының тұрақты чемпионы америкалық Дэниэл Джэйкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жек биыл өтпейтін болды.

  • 19 Қазан 2016
  • 575
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер мәлімдеді деп жазады Vesti.kz.

Оның айтуынша, екі тарап арасындағы келіссөздер ұзаққа созылғалы тұр. Сол себепті қос чемпионның кездесуі 2017 жылға қалдырылған. Бұған дейін жекпе-жек 2016 жылдың 10 желтоқсанына жоспарланған еді.

"Келесі кездесуін Головкин Джэйкобспен өткізеді. Оған дейін өзге қарсыласпен жұдырықтаса алмаймыз. Өйткені, WBA келесі қарсыласты өзі анықтап берді. Геннадий қазіргі таңда бокс әлеміндегі ең белсенді чемпион. Бірақ, міндеттелген жекпе-жектерде келіссөздер жүргізгенде осылайша уақытты жоғалтып аламыз. Тіпті, келіссөздер біз күткеннен де ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл алыптар жекпе-жегі болғандықтан оның жарнамасы да жақсы айналуы тиіс. 10 желтоқсанға аз уақыт қалғандықтан асықпауға уағдаластық. Демек, жекпе-жек 2017 жылға шегерілді", — дейді Леффлер RingTV тілшісіне берген сұхбатында.

Джэйкобстың бапкері Андре Розье де бұл ақпаратты растап отыр. Ол 10 желтоқсанға дейін өз шәкіртінің толыққанды дайындалып үлгере алмайтынын алға тартты.


Соңғы жаңалықтар