Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Себебі айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Себебі айтылды

Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды. Себебі айтылды

Қыркүйек айында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жек өткізбейді.

  • 18 Шiлде 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz

Инсайдер Майк Коппинджер осылай деп мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, «Канело» жекпе-жектен бас тартқан,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Коппинджер Twitter желісінде жазды. 

Оның сөзінше, Альваресте қарсылас іздеуге қатысты қиындықтар туындаған немесе тізесінің жарақаты себеп болған.

«Канело» 14 қыркүйекте жекпе-жек өткізбейді. Бұл қажетті қарсылас іздестірудегі қиындықтармен түсіндіріледі. Ол рас болуы мүмкін. Алайда оның тізесінің жарақатын да ескеру керек. «Канелоның» денсаулығына байланысты келесі жекпе-жектің уақытын өзгертетіні туралы бұған дейін сөз болған еді», — дейді Коппинджер. 

Артынша «Канелоның» өзі ресми мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, 


«Бірнеше салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы ретінде тартысты әрі бәсекелестікті көрсететін жекпе-жек үшін жауаптымын. Сондықтан Golden Boy мен менің командам жекпе-жек уақытын шегеруді жөн көрдік», — дейді боксшы. 

Сонымен қатар Сауль Альварес мұндай шешім жанкүйерлеріне деген дұрыс қарым-қатынас болатынын айтты. Себебі қарсыластардың ең үздігімен үздік жекпе-жек көрсеткіміз келеді, дейді ол.

Соңғы жаңалықтар