Жарияланды: 60

Головкиннің бокстан кететіні рас па?

Головкиннің бокстан кететіні рас па?

BoxingInsider.com басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) болашағы туралы айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Геннадий Головкин бокстан кететінін астарлап жеткізді. Әйгілі боксер көп уақытын отбасымен өткізгісі келетінін хабарлады. Ол Альваресті ұзақ уақыт күте ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Ең жалғыз шешім - WBA-ның тұрақты чемпионы Риота Муратаның Роберт Брандпен болатын айқастың жеңімпазын күту. Головкин Жапонияда Муратамен айқасуы мүмкін, дегенмен сол үшін әйгілі боксер үлкен қаламақы сұрауы әбден мүмкін. Бұл Головкин үшін ең тиімді нұсқа. „Канеломен“ үшінші жекпе-жек әзірге белгісіз, өйткені Головкиннің уақыты мен мүмкіндігі шектеулі" - деп жазды басылым.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть