Google рейстердің кешігуін алдын ала болжауды үйренді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Google рейстердің кешігуін алдын ала болжауды үйренді

Google рейстердің кешігуін алдын ала болжауды үйренді

Google Flights қызметінің көмегімен рейстің кешігуі туралы ақпаратты біле аласыз.

  • 1 Ақпан 2018
  • 242
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«GoogleFlights» бағдарламасында жасанды интеллект бар. Ол әуе кемесінен тікелей ақпарат алады, кестеден барлық ауытқуды талдайды және жалпы кешігу ықтималдығын анықтайды. Бұл қызметтің негізгі мақсаты — әуе компанияларының ресми ақпаратына дейін болжамды мәлімет беру.

«Ұшақтың кешігуі туралы ақпарат, болжамның 80%-на сенімді болған жағдайда ғана көрсетіледі. Дегенмен, біз жолаушыларға әуежайға алдын ала баруды ұсынамыз. Бірақ бұл ақпарат «тосынсыйларға» жол бермейді деп үміттенеміз», — дейді компания өкілі.

Қызметті пайдалану үшін, алдымен, өз рейсіңізді іздеуіңіз керек. Рейстің кешігуі туралы ақпарат іздеу нәтижелерінің жанында пайда болады.


 

Соңғы жаңалықтар