«Кеңес Одағы – болмайды, ал одақ – болады. Бұрынғы аумақта және сол құраммен, ерікті түрде… Мен жаңа одақ пайда болуы мүмкін деп санаймын», – деп келтіреді Горбачевтің сөзін ТАСС.
Михаил Горбачев КСРО-ның құлағаны үшін әлі де кінәлі екенін, алайда «одақты сақтап қалуға соңына дейін күрескенін» атап өтті.
«Меніңше, айтарлықтай ауыр салдар тамыз төңкерісінен кейін туды деп ойлаймын», – деді ол.
Горбачев мырза сұхбатында Борис Ельциннің «билікқұмарлығын» партия басшылығында жүрген кезінен байқағанын айтқан.
«Ол уайымдап, ештеңеге көңілі толмайтын, Саясибюроға мүше болмағаны үшін наразылық білдірген болатын», – деп түйіндеді ол.