«GOWEB-2023» хакатонында 450 жас әзірлеуші өзінің веб-идеясын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«GOWEB-2023» хакатонында 450 жас әзірлеуші өзінің веб-идеясын ұсынды

«GOWEB-2023» хакатонында 450 жас әзірлеуші өзінің веб-идеясын ұсынды

Қазақстанның түрлі қаласынан келген оқушылар Астанада Astana Hub-та кездесіп, Web-Хакатоны финалына қатысты. Жас веб-әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер өз жұмыстарын таныстырып, таланты мен дағдысын көрсетті. Іс-шараны «El Umiti» корпоративтік қоры ұйымдастырды. 

  • 18 Сәуiр 2023
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бірінші кезеңде еліміздің түкпір-түкпірінен 12-17 жас аралығындағы 450-ден астам қатысушы өз жұмысын жіберді. Ал ақтық сайысқа Астана, Алматы, Өскемен және Қарағандыдан 40 оқушы қатысты.

12-14 жас аралығындағы веб-әзірлеушілер «Салауатты өмір салты», 15-17 жастағы қатысушылар «Қалдықсыз өмір» тақырыбында сайт жасады. Ал 12-17 жас аралығындағы веб-дизайнерлер  қаржылық сауаттылық сайттың дизайынын жасады.

Веб-әзірлеу санаты бойынша жеңімпаздар:

1-орын: 12-14 жас Темірлан Нұрәлім; 15-17 жас Жарас Дәулет;
2-орын: 12-14 жас Райымбек Тәджіғали; 15-17 жас Тайыр Дулатұлы;
3-орын: 12-14 жас Ерасыл Маратбеков, 15-17 жас Руслан Сатыбалдиев. 

Веб-дизайн санаты бойынша жеңімпаздар:



1-орын: 12-14 жас Айнұр Елмұратқызы; 15-17 жас Әнел Орысбаева; 
2-орын: 12-14 жас Тағабай Расул; 15-17 жас Аружан Амангелді; 
3-орын: 12-14 жас Дарья Софронова; 15-17 жас Константин Козлов.
 
  
Қатысушылар «Үздік презентация», «Үздік контент», «Үздік бейімделген сайт», «Креативті шешім» номинациялары бойынша марапатталды.
 
Жеңімпаз веб-әзірлеушілер MacBook, ал үздік веб-дизайнерлер стилус пен iPad бағалы сыйлықтарына ие болды.  

Бұған қоса, қатысушылар үшін екі шеберлік дәрісі өткізілді. Веб-дизайнерге арналған сабақты Лилия Цой «Веб-дизайндағы нейрожелілер» тақырыбында, ал Анар Артықбай сайт жасау бойынша дәріс өткізді.

Соңғы жаңалықтар