"Грант санын азайту керек. Бәсеке мүлдем жоқ": Белгілі журналист білім гранттарын азайту керек екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Грант санын азайту керек. Бәсеке мүлдем жоқ": Белгілі журналист білім гранттарын азайту керек екенін айтты

"Грант санын азайту керек. Бәсеке мүлдем жоқ": Белгілі журналист білім гранттарын азайту керек екенін айтты

Журналист Ерболат Мұхаммеджан грант санын көбейтумен білім сапасы жоғарыламайтынын, керісінше төмендейтінін айтты. 

  • 7 Тамыз 2023
  • 5411
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"94 мың оқушы грантқа тапсырды. Ал бөлінген грант саны 73 мың. Бәсеке мүлдем жоқ. 1 грантқа 1,5 мектеп түлгегі таласқан. Менің ойымша Президентке дұрыс ұсыныс берілмейді. Немесе Президентке жалған ақпарат беріледі. Осындай қате ұсыныстың арқасында жақсы оқитын да, үлгерімі нашар да грантқа ие болады. Нәтижесінде университеттер түсініксіз жағдайда қалады", — дейді ол. 

Оның айтуынша, мәселені шешудің ең оңтайлы жолы — грант санын азайту. 

"Ал енді мәселені шешудің дұрыс жолы бар. Яғни білім сапасын реттеудің. Оны осыған дейін бірнеше рет айттық. 

Біріншіден, грант санын азайтып, ал артылған сомаға гранттың құнын өсіруіміз керек. Себебі, жыл сайын гранттың санын өсіргеннен білімнің сапасы жоғарыламайды. Керісінше ертең мықты университеттер грантқа түсудің шекті балын өсіреді, нәтижесінде ұлттық және  мемлекеттік университеттердегі білім сапасы одан сайын нашарлап, жағдайлары қиындай түседі. 

Екіншіден, министрлік ғалымдарды тікелей қаржыландыруды қолға алу керек. Себебі, гранттық қаржыландыру арқылы керісінше коррупциялық риск бар. Сонымен қатар ол өз нәтижесін бермейді. Егер университеттегң мықты ғалымдарды тікелей қаржыландырса жауапкершілікті арттыруға болар еді", — деп жазды ол. 


Желі қолданушыларының басым бөлігі журналистің бұл пікірімен келіспейтінін жазуда. 

"Керісінше қалған 21 мың балаға да грант бөлінсін. Тегін оқысын балалар. "Байдың малын байғұс қызғанады әңгімесі болды-ау. Грант ешқандай да көп емес. Әлде де көбейту керек. "Қазақтың балдары тегін оқыса оның зияны жоқ деп ойлаймын", — деп жазды олар. 

Соңғы жаңалықтар