Грузия президенті қазақ-грузин қатынастарын әрі қарай нығаятынына сенім білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия президенті қазақ-грузин қатынастарын әрі қарай нығаятынына сенім білдірді

Грузия президенті қазақ-грузин қатынастарын әрі қарай нығаятынына сенім білдірді

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 688
Фото - Caravan.kz


«Сайлауда жоғары қатысу белсенділігін көрсеткен Қазақстан халқының бірлігі Сіздің халық игілігі жолындағы көп жылдар бойғы қажырлы еңбегіңізді барынша қолдау көрсеткіші ғана емес, елді әрі қарай жан жақты дамыту үшін Сіз белгілеген тапсырмадарды сөзсіз қолдау болып табылады», — делінген Г.Маргвелашвилидің құттықтау телеграммасында.
«Сіздің ақылды саясаткер және мемлекеттік қайраткер ретіндегі мол тәжірибеңізді ескере отырып, Қазақстан халқы бейбітшілік, тұрақтылық, азаматтар мен жалпы республиканың әрі қарай игілігі бағытында сөзсіз таңдау жасады», — делінген құтықтауда.