Грузия ТМД құрамынан шығатыны туралы шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия ТМД құрамынан шығатыны туралы шешім қабылдады

Грузия ТМД құрамынан шығатыны туралы шешім қабылдады

Тбилиси. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Грузия парламенті кеше елдің ТМД құрамынан шығатынын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Тамыз 2008
  • 568
Фото - Caravan.kz

Грузияның ТМД мүшелігін тез арада тоқтату туралы шешімді бейсенбі күні өткен отырыста 117 депутат бірауыздан қолдаған.

Грузияның заң мәселелері жөніндегі парламенттік комитетінің төрағасы Павел Кублашвилидің айтуынша, қабылданған шешім осы күннен бастап Грузия ТМД елдерімен ешқандай қатынаста жоқ екендігін білдіреді.

«Грузияның ТМД мүшелігінен бас тартуы Ресей Федерациясының ел аумағындағы соңғы іс-әрекеттеріне қарсылық қана емес, осындай қиын күндері өз ұстанымдарының басын ашып, әділеттілік жағына шықпаған елдерге де қарсылық болып табылады», — деп мәлімдеді Грузия парламентінде Г. Таргамадзе.

Грузияның ТМД мүшелігінен шығатыны туралы шешімді Грузия президенті Михаил Саакашвили Тбилисиде 12 тамызда өткен шеру барысында жариялады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар