Грузияның ТМД-дан шығуы Достастықтың әуеден қорғаныс жүйесіне ешқандай әсерін тигізбейді - ТМД әуеден қорғаныс күштерінің қолбасшылары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузияның ТМД-дан шығуы Достастықтың әуеден қорғаныс жүйесіне ешқандай  әсерін тигізбейді - ТМД әуеден қорғаныс күштерінің қолбасшылары

Грузияның ТМД-дан шығуы Достастықтың әуеден қорғаныс жүйесіне ешқандай әсерін тигізбейді - ТМД әуеден қорғаныс күштерінің қолбасшылары

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Грузияның ТМД-дан шығуы Достастықтың әуеден қорғаныс жүйесіне ешқандай да әсерін тигізбейді. Бұл туралы ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуеден қорғаныс күштерінің мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің душанбеде өткен отырысында әуеден қорғаныс күштері әскерлерінің өкілдері Грузия президентінің өз елінің ТМД-дан шығатыны туралы мәлімдемесіне берген түсініктемесінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюске" сілтеме жасап.

  • 13 Тамыз 2008
  • 510
Фото - Caravan.kz

РФ әскери-ғарыштық қорғаныс академиясының бастығы, генерал-лейтенант Олег Балаянның пікірінше, «Грузия ешқашан ТМД әуеден қорғаныс жүйесінде шешуші роль атқарып көрген емес».

Оңтүстік Осетиядағы шиеленіс пен оның зардаптары туралы журналистердің сауалдарына комитет өкілдері бұл мәселе бойынша мәлімдеме жасауға өкілетті емес ескендіктерін мәлімдеді.

Тек Ресей өкілі ғана «бұл операцияның аяқталғанын және РФ басқаның аумағын басып алуға ниеті жоқ екенін» айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар