Гүлнар Кәрімованы белгісіз жаққа алып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлнар Кәрімованы белгісіз жаққа алып кетті

Гүлнар Кәрімованы белгісіз жаққа алып кетті

Өзбекстанда Гүлнар Кәрімованың ісіне қатысты кезекті сот тыңдалымы өтті. Тыңдалымнан кейін оны белгісіз жаққа алып кетті. Бұл туралы Кәрімованың швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа Twitter желісінде мәлімдеді.

  • 18 Қыркүйек 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қызының ісі бойынша кезекті сот тыңдалымы 16 қыркүйекте Ташкентте өтті. Грегуар Манжаның сөзінше, ол екі апта бұрын ресми түрде сұратым жібергенімен, отырысқа кіргізбепті. Сонымен қатар Кәрімованың қызы да отырысқа қатысуға рұқсат ала алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ц-1». Басылымына сілтеме жасап.

«Өзбекстандық адвокат сот тыңдалым басталғаны туралы бүгін ғана білген сияқты», — деп жазды Грегуар Манжа.

Адвокаттың сөзінше, Гүлнар Кәрімованы сот тыңдалымынан кейін белгісіз жаққа алып кеткен. Алайда оны қайда алып кеткенін жақындары мен туыстары білмей отыр. 


Сонымен қатар Өзбекстанның Бас прокуратурасы да ресми пікір білдірген жоқ.

19 тамызда мемлекеттің Бас прокуратурасы Кәрімоваға қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар