Гүлнар Кәрімованың 850 млн доллары Өзбекстан халқына таратылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гүлнар Кәрімованың 850 млн доллары Өзбекстан халқына таратылмақ

Гүлнар Кәрімованың 850 млн доллары Өзбекстан халқына таратылмақ

“Нұрлы Өзбекстан” коалициясының негізін салушы Санжар Омаров америкалық БАҚ-тарға сұхбат беріп, Гүлнар Кәрімоваға тиесілі 850 млн долларды қайтару керектігін айтты.

  • 2 Желтоқсан 2016
  • 1329
Фото - Caravan.kz

Кәрімованың есепшотын АҚШ әділет министрлігі осы жылдың басында жауып тастаған еді.

Омаровтың ойынша, тек Өзбекстан үкіметі ақшаның коррупциямен күреске жұмсала алатынына кепіл бере алса ғана есепшоттың ашылуы мүмкін екенін айтты. Осы мақсатта ол арнайы қор құру туралы да ұсыныс білдірген.

Оппозициялық саясаткер ақшаны ресми Ташкентке қайтару қажет емес деп есептейді.

Өзбек саяси эмигранттары тобы Change.org сайтында АҚШ билігі мен Европа елдеріне бағытталған петиция жазып, 850 млн долларды Өзбекстанға мүлде қайтармау туралы үндеу тастауда.

АҚШ соты америкалық және өзбекстандық тарапқа бұл ақша мәселесі төңірегінде 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін өзара келісім жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Гүлнар Кәрімованың уланып өлуін қайтадан жоққа шығарған еді.


Қазан айының басында Твиттерде Гүлнар Кәрімованың атымен аккаунт пайда болған. Алайда журналистер аталмыш аккаунт жалған дейді.

Гүлнар Кәрімова 1972 жылы туған. Өзбекстанда біраз мемлекеттік қызметте істеген. 213 жылы ірі қаржылық шудың ортасында қалып, кейін үй қамаққа алынған. Ол биылғы жылы қайтыс болған әкесі Ислам Кәрімовтың да жерлеу рәсіміне қатыспады.

Соңғы жаңалықтар