«Гүлнар Тур» алдап соғып Түркияда қалып қойған туристер елге орала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Гүлнар Тур» алдап соғып Түркияда қалып қойған туристер елге орала бастады

«Гүлнар Тур» алдап соғып Түркияда қалып қойған туристер елге орала бастады

Түркияда тентіреп қалған қандастардың бүгін қуанышында шек жоқ. Демалысқа кеткендеріне емес, елдеріне жеткендеріне мәз. Ақпарат құралдары апталап айтып жатса да, сынды шынға баламаған «Гүлнар Тур» компаниясындағылар саусағының ұшын да қимылдатпапты. Қиын жағдайда қалған жерлестеріміздің басым бөлігі өз қаражаттарына жан баққан.

Валентина Корушнова, турист:

-Әр күні сағат түскі 12-де бізді қонақүйден қуып шығып, кешкі алтыдан соң орын болса ішке кіргізетін. Бірақ соңғы күні “кетіңдер, сендерден бәрі бас тартты”- деді. Балаларға таңғы ас алу үшін елден ақша сұрап жүрдік.

Артынып-тартынып елге келген 196 турист бар мұнда. Бір ұшаққа сыйғаны осы. Бірі 3, бірі 4, тіптен кейбірі 5 тәулік әр жерде жан баққан. Алматылықтар жөнде?

  • 4 Шiлде 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Валентина Корушнова, турист:

-Әр күні сағат түскі 12-де бізді қонақүйден қуып шығып, кешкі алтыдан соң орын болса ішке кіргізетін. Бірақ соңғы күні “кетіңдер, сендерден бәрі бас тартты”- деді. Балаларға таңғы ас алу үшін елден ақша сұрап жүрдік.

Артынып-тартынып елге келген 196 турист бар мұнда. Бір ұшаққа сыйғаны осы. Бірі 3, бірі 4, тіптен кейбірі 5 тәулік әр жерде жан баққан. Алматылықтар жөндеріне кетті дереу. Ал Қостанай, Ақтөбе, Астананың тұрғындары қонақүйге жатқызылды. Қалтасында қаржысы жоқтары жұрттан жылу жинап билет алып, бүгін үйлеріне аттанбақ. «Гүлнар Турмен» енді сотта кездесеміз дейді олар.

Рима Сәтпаева, турист :

-Әуежайда бір күндік тағамымыз ретінде 3 бөтелке су мен 3 гамбургер алып жүрдік 60 долларға. Сөйтіп аш қалмаудың амалын жасадық, бірақ кей туристерімізде қаражат та болмады. 2 күн аш жатты. Осылай бізді қинаған “Гүлнар турды” сотқа беру үшін тізім жасадық.

“Гүлнар Тур” басымен қайғы қазір. Отандық әуе компанияларына өткен сенбіде Бодрумнан Қостанайға ұшқан рейстің ақшасын бермей жүр екен. Оған қоса бүгінгі ұшу сапарының қаржысын да әлі аудармапты.


Владимир Ким, SKAT әуе компаниясы Алматы филиалының директоры:

-Бізге бүгінгі рейстің ақысы төленген жоқ. Тапсырыс беруші — “Гүлнар тур” туристік компаниясы. Олар тек кепілдеме хат берді. Сол себепті шетте қалған отандастарымызды алып келуді міндетімізге алдық.

-Бүгін елге жеткен 200-ге жуық адам Түркияда қиын жағдайға тап болған отандастарымыздың бір бөлігі ғана. Тағы жүзге жуығы әуежайларды паналап, тегін ас беретін жерлерді сағалап әлі жүр. Олар бүгін түнде Алматыға жеткізілмек. Ал осыншама әуре-сарсаңға себепкер болған «Гүлнар Тур» басшылары әлі де жер жұтқандай жоқ. Бүгін де үні шықпады.