Жарияланды: 350

Гүлнұр Оразымбетова өзі пісіретін бауырсақты брендке айналдырмақшы

Гүлнұр Оразымбетова өзі пісіретін бауырсақты брендке айналдырмақшы

Әнші Гүлнұр Оразымбетова бауырсақ пісіріп, бизнес ашатынын айтты.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы  Stan.kz-ке сілтеме жсап хабарлайды. 

Әншінің отау құрғанына 23 жыл болған. Күйеуі бұрын депутат болған. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкер. 

Қаржыны үйде ер адам ұстағаны дұрыс деген Гүлнұр ханым 2 жылдан бері өз ақшасын бөлек ұстайтынын жасырмады. "Қазір бәрін тоқтатып, әркімдікі бөлек бола бастады. Маған бұл тәсіл өте ыңғайлы болып жүр. Бұрын ақшаның бетіне қарамай жұмсап қоятынмын. Қазір бәрін есептеп, үнемдеп жұмсауды үйреніп жүрмін", дейді. 

Әнші өзінің бизнесі жайында былай деп сөз қозғады: 

"Қазір бизнес жоспар жасалынуда. Қазақтың дастарханына бірінші қоятын тамағы нан ғой. Әсіресе, бауырсақты жақсы көреміз. Оның үстіне менің бауырсағым да ерекше шығады.Сондықтан, басты мақсат - Гүлнұрдың бауырсағын дамытып, брендке айналдырып, халыққа ұсыну. Негізі бұл бизнес бастау алған. Бірақ, ұйымдастырушы кісілермен түсініспеушілік орын алып, тоқтап қалған еді. Соны қайта қолға алуға ниеттімін. Маған "біз жұмыс істей береміз. Сіз біздің "лицомыз" болыңыз" деген ұсыныстар көп түседі. Бірақ, мен олай жұмыс жасағым келмейді. Толықтай өз бизнесімді қолға алсам деймін". 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін