Жарияланды: 1900

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың даусы жоқ дегендерге жауап қайтарды

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың даусы жоқ дегендерге жауап қайтарды Сурет - culture.alashinform.kz

Продюсер Қайраттың даусы барын өз парақшаларында жарыса жазып, өзін қолдаған көпшілікке алғысын да білдіріп үлгерді.

Гүлзира Айдарбекова желіде тараған ұлы Қайрат Нұртастың видеосына қатысты өзінің Instagram-парақшасында жауап берді.

Оның айтуынша, әншіні ән айта алмайды деп көрсеткісі келген өз дегеніне жеткен.

«Маған ақталып қажеті жоқ. Сонда да болса жұртты кері пікірге итермелеп, осы уақытқа дейінгі Қайраттың бар еңбегін жоққа шығарғылары келіп отырған топтың құлақтарына алтын сырға. Тапсырыспен Қайратты масқаралау үшін арнайы жасалынып отырған түрлі әдістері қара пиғылды азаматттардың елді дүрліктіруде. Барлық уатсаптарға түгел таратылсын деген дауыстық хабарламаларды қаптатып, жұмыс жасалынуда. 24 сағат бойына интернетте тұратын болсын деп ақша төлегендерін де естідік», - деді Қайраттың анасы.

«Сакен Майғазиев шындықты жазғанын оқыдым. Ғалия Шаудырбаева композитор, филолог та өз парақшасында ұлымды жақтапты. Әйтеуір шындықты айтып шырылдайтын азаматтар барына да тәубе еттім», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік желіде Қайраттың табиғи дауыста ән айтып, масқарасы шыққан видеосы тараған болатын. Оған халық түрлі пікірлер білдіріп жатты.

«Қайраттың даусы жоқ екені көрініп тұр», «Ақталудың қажеті жоқ», «Уайымдамаңыз, Қайрат әлемді мойындатқан», «шеше, байғұс, шырылдайды да жүреді», - деп шуласты желі қолданушылары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін