Гватемала тұрғындары қала мэрін тірідей өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гватемала тұрғындары қала мэрін тірідей өртеп жіберді

Гватемала тұрғындары қала мэрін тірідей өртеп жіберді

Гватемаланың батысында жергілікті тұрғындар Консепсьон қаласының мэрін тірідей өртеп жіберді, деп жазады 24.kz. 

  • 14 Қазан 2015
  • 518
Фото - Caravan.kz

Наразы топ марқұмның үстіне жанармай құярдан бұрын оны үйінен алып шығып әбден текпінің астына алған. Бұған дейін қала мэрін сайлау кезінде саяси қарсыласы оны «жемқорлық жасады, бюджет қаржысын желге шашты және лауазымын асыра пайдаланды» деп айыптаған болатын. Осы атышулы мәлімдемеден кейін өткен аптада қылмыскерлер айыптаушы саясаткерге көлік ішінен оқ жаудырып, қызы мен туыс бауырын өлтіріпті. Содан саясаткердің өзі мен жанұясының тағы 4 мүшесі жараланған.

Айта кетейік, 15 миллион халқы бар Гватемала әлемдегі ең қауіпті аймақтардың бірі. Жыл басынан мамыр айына дейін бұл елде 2500-ге жуық адам ажал құшқан. 15 миллион халқы бар Гватемалада күніне 15 адам өледі. Карлос Балан, қала басшылығына үміткер саясаткердің ағасы: — Бізге мэрдің тарапынан қоқан-лоқы көрсеткен ескертулер болды. 


Соңғы жаңалықтар