Халық кеңесі азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсына алады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.65
  • 508.71
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық кеңесі азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсына алады

Халық кеңесі азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсына алады

Қазақстан Халық Кеңесіне "Ел бірлігі" орденіне үміткерлерді ұсыну құзіреті беріледі

  • 24 Қыркүйек
  • 4
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Халық кеңесінің бірінші сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі мен мәдениетін кеңінен насихаттап жүрген түрлі ұлттың жастарына өз ризашылығын білдірді.

«Бұған қалай қуанбайсың? Олар, шын мәнінде, рухани дүниесі бай, бойында талант тұнған жандар. Достыққа дәнекер болған осындай адамдар қашанда жоғары құрмет пен қолдауға лайық. Мемлекет те оларды елеусіз қалдырмайды. Өйткені қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, әлемдік үдерістердің өркениетті, табысты қатысушысы ретінде мемлекетіміздің абырой-беделін асқақтатуға осындай азаматтардың қосар үлесі зор», — дейді Тоқаев.

Осы орайда президент бірнеше жыл бұрын «Ел бірлігі» орденінің тағайындалғанын еске салды. Бұл – ұлт тұтастығын нығайтып, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолында жемісті еңбек еткен жандарға берілетін бәсі биік, айрықша марапат.

«Конституциялық мәртебеге ие және халық атынан өкілдік ететін ұйым ретінде осы жоғары наградаға лайықты үміткерлерді Қазақстан Халық кеңесі ұсынғаны дұрыс әрі әділетті деп есептеймін», — деді мемлекет басшысы.