"Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді": Қабатовтың әйелі ұшақта мас күйінде шу шығарған күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді": Қабатовтың әйелі ұшақта мас күйінде шу шығарған күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады

"Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді": Қабатовтың әйелі ұшақта мас күйінде шу шығарған күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады

Танымал әзілкеш, жақында істі болған Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова оқиғаға қатысты алғаш рет өз пікірін білдірді.

  • 10 Шiлде
  • 43
Фото - Caravan.kz

Ол заң бұзған күйеуін жақтап шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мөлдір Мұқанова бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Көрерменге деген құрметі қандай десейші… Бүгінгі концерттен үзінді. Халық жақсы көрмесе, зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс. Айтпақшы, айта кетейінші. Сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселене келе берсінші. Рахмет баршаңызға», — деп жазды ол.