Тоқаев несиеге қатысты заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев несиеге қатысты заңға қол қойды

Тоқаев несиеге қатысты заңға қол қойды

Несиеге қатысты заңға қол қойылды. Алайда халық оның пайдасын көрмей тұрғанын айтып, шағымдана бастады.

  • 21 Маусым
  • 20
Фото: ашық дереккөз

Енді не өзгереді? Caravan.kz медиа порталының материалында.

Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады.

Өндіріп алуға жатпайтын және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдаған кезде қарыз алушының банктік шотында қалуға тиіс ақша сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (43407 теңге) екі еселенген мөлшеріне (86814 теңге) дейін ұлғайтылды.

20 АЕК-ке (73840 теңге) дейінгі әкімшілік айыппұлдарды және салық берешегін өндіріп алу кезінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібі енгізілді. Істі әділет органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді. Бұл азаматтарды жеке сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу міндеттемесінен босатады. Мұндай механизммен келіспеген жағдайда атқарушылық іс жүргізу жалпыға бірдей бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтардың банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібі жеңілдетілді. Енді ол үшін кредиторлар тізімін, мерзімі өткен берешекті реттеу және өндіріп алу рәсімдерінің жүргізілгенін растайтын құжаттың көшірмесін беру талап етілмейді. Мұндай деректер кредиттік бюродан сұратылады. Ал кредиторлар оған тиісті мәліметті жіберуге тиіс.

Алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін онлайн қарыздар бойынша міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізілді. Бұған дейін кредиттік бюрода азаматтардың несие алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы мәлімет болған жағдайда қарыз беруге тыйым салынған еді. Осы Заңда аталған тыйымды бұза отырып берілген қарыздар бойынша берешекті қаржы институттары кешіру талабы енгізілді. Сондай-ақ қабылданған Заңға сәйкес аталған тыйым ломбардтар берген микрокредиттерге таралмайды.

Алаяқтардың ықпалымен рәсімделгенін дәлелдейтін сот актілері бар берешектер Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап кешіріледі.