Халықтың табысы аз. Кредит алуды тежей алмай жатырмыз - Сүлейменов  - kaz.caravan.kz
  • $ 498.75
  • 523.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықтың табысы аз. Кредит алуды тежей алмай жатырмыз - Сүлейменов 

Халықтың табысы аз. Кредит алуды тежей алмай жатырмыз - Сүлейменов 

Тұтынушылық кредиттеуде реттеу тетігін тағы да қатаңдату уақыты келді.

  • 4 Ақпан
  • 12
Фото: uralskweek.kz

Қазақстандағы тұтынушылық несие беру ережелері одан сайын қатаңдауы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әшкере телеграм арнасының мәліметінше, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, тұтынушылық несиені шектеу шаралары күткендегідей нәтиже бермеген. Ол 2023 жылы тұтынушылық несие беру қарқыны 35 пайызға өскенін, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15–17 пайыз деңгейінде қалады деп болжам жасағанын жеткізді.

Алайда, жыл қорытындысында өсім 33,5 пайыз болып шығып, болжамнан жоғары болып шыққан.

Еске салсақ, 2024 жылдың алғашқы жартысында бірқатар қатаңдату шаралары қабылданған еді: 

-Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентін енгізу;

-Төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда несие беруге тыйым салу;

-Несие рәсімдегенде ерлі-зайыптылардың келісімін алу секілді талаптар күшіне енді.

Сүлейменов тұтынушылық несиелердің қарқынды өсуі «халықтың тапқан табысының төмендігіне» байланысты екенін мойындады. 

Оның сөзінше, бұған қоса, несие арқылы шетелден келетін ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарларды сатып алу теңгеге қосымша салмақ түсіреді.

«Сондықтан тұтынушылық кредиттеуде реттеу тетігін тағы да қатаңдату уақыты келді деп есептейміз», – деді Ұлттық банк төрағасы.