Хиджап киюге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хиджап киюге тыйым салынды

Хиджап киюге тыйым салынды

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды, оның ішінде ел мәдениетіне жат киім киюге салынатын тыйым да бар

  • 23 Маусым
  • 25
Сурет: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл тыйым «Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» заңда қамтылған.

Бөтен мәдениеттің киіміне хиджаб пен сатр жатқызылған. Бұл туралы ақпарат Мемлекет басшысының ресми сайтында 20 маусымда жарияланған.

Онда бетті бүркемелейтін киімдер қоғам үшін мәселе болып табылатындығы, өйткені олар өз мәдениеті мен ұлт болмысынан алшақтауды білдіретіндігі көрсетілген. Заң күшіне енген сәттен бастап тыйым салынған киімдерді Тәжікстанда киюге, сонымен қатар сатуға да болмайды.

Ал Ресейде 2025 жылдан бастап дәрігерлерге аборт жасамас бұрын жүкті әйелге эмбрионның жүрек соғысын тыңдатуғат мәжбүрлейтін заң күшіне енеді.