"Иә, бұл жеңіске Қайраттың тікелей қатысы бар" Жұлдыз Әбдікәрімова нүкте қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Иә, бұл жеңіске Қайраттың тікелей қатысы бар" Жұлдыз Әбдікәрімова нүкте қойды

"Иә, бұл жеңіске Қайраттың тікелей қатысы бар" Жұлдыз Әбдікәрімова нүкте қойды

Ол бұл туралы өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады.

  • 30 Желтоқсан 2020
  • 1542
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz порталы хабарлайды.

" Mrsuniverse2020 туралы #топ-5 сұраққа жауап жаза кетейін.

Байқауды толық қайдан көруге болады, тәж таққан сәттер неге жоқ?! — Пандемия салдарынан 44 жылдық тарихы бар “Mrs Universe” байқауы алғаш рет онлайн өтті. Қатысушылар бір сахнада бас қосып, сайысқа түспеді. Сондықтан байқау туралы видеолар жоқ.

Байқау тек дауыс беру қортындысымен аяқталды ма? — Байқауға қатысушы өзін, елін таныстыратын 1 минуттық ролик түсіріп, түрлі образдағы суреттері мен биографиясын, анкетасын жібереді. Содан кейін ғана дауыс беріп, жеңімпаз анықталады.

Күйеуіңіз Қайраттың үлесі бар ма? — Иә, әрине. Байқаудың ең негізгі шарттары — тұрмыстағы, балалы-шағалы әйел болу. 4 баланың анасы болуыма әрине Қайраттың үлесі бар.

Банк карточкасымен төледі ме? — Ақшамен құр атақ сатып алғанша, білім-оқу сатып алғаным 100 есе пайдалы әрі қайтымды емес пе?! Жеңістің шын дәмін — алғашқы күннен-ақ дауыс берген халық біледі. Ал қалғаны — өзі дауыс бермеген және ештеңені көрмеген адамның сөзі. Ондай адам сыртта жүріп іштегіні, шындықты қайдан білер дейсіз?!

Фейк жеңіс екен, Ресей жеңіпті, сіздікі өтірік екен — #mrsuniverse ресми сайтына кірсеңіз, әр жылдың жеңімпаздары көрсетілген. 2020 жыл жеңімпазы деп Ресей емес, #Қазақстан жазылған.

Ең бір өкініштісі — өз жеңісімізге өзге емес өзіміз күмән келтіріп, мойындай алмай жатқанымыз. Байқауға қатысқан қарсыластарыма емес, өз еліме дәлелдеу қиындық тудырады деп мүлде ойламаппын. Тіпті, шетелдегі ұйымдастырушыларға Қазақстан журналистері “ Қаншаға сатып алды?” деп хат жолдапты. Ал ұйымдастырушылар байқау тарихында өз елінің жеңісіне күмән келтірген, негатив тудырған мұндай жағдайды бірінші рет көруіміз дегенде, жеңісімнен бұрын қатысқаныма ұялып кеттім…

Бүгін карантин талаптарын сақтай отырып БАҚ өкілдерінің басын қосып, барлық сұраққа жауап бердік.

Осыдан кейін де Қазақстанның жеңісіне күмән келтірушілерді — ішінде ұлттық комплексі көп адамдар санатына жатқызуға болатын шығар… Ал мені қолдаған ақжүрек халқыма алғыстан басқа айтарым жоқ.
Қуанышыммен ортақтасқан әпкелеріме рақмет.
" — деп жазба қалдырды.

Желі қолданушылары құттықтап, тілектерін айтып бұл жеңіс үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар