"Иә, екеуміз бірнеше ай кездесіп жүрдік" – Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен қарым-қатынасы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Иә, екеуміз бірнеше ай кездесіп жүрдік" – Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен қарым-қатынасы туралы

"Иә, екеуміз бірнеше ай кездесіп жүрдік" – Әли Оқапов Ақбота-Нұрмен қарым-қатынасы туралы

Жақында Әли Оқаповтың клипінде Ақбота Сейітмағамбет басты рөлді сомдаған еді.

  • 4 Наурыз 2018
  • 2325
Фото - Caravan.kz

Бейнебаянды тамашалағандардың басым бөлігі Ақбота мен Әлидің жарасамды жұп болатынын айтып, өкініштерін білдірді.

Алайда ол шақта көпшілік Әли мен Ақботаның арасында шын мәнінде махаббат болғанын білмеген еді.

Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында Әли алғаш рет Ақбота-Нұрмен жақын қарым-қатынаста болғанын ашық айтты.

“Иә, екеуміз бірнеше ай кездесіп жүрдік. Ол кезде Ақбота шоу-бизнеске енді келген еді. Ол небәрі бірнеше ай сахнада болды, екеуміз гастрөлде танысқанбыз”, – деген Әли бұдан кейін Ақботамен айырылысып кетуінің себебін түсіндірді.

“Мүмкін жас айырмашылық әсер еткен шығар. Ол тым жас еді. Сондықтан екеуміз бір-бірімізге сай келмейміз деп ойладым. Мұны бірінші рет мойындап отырмын”, – деді ол.


Сондай-ақ, Әли анасының бұл жағдайға қалай қарағанын түсіндірді.

“Анам ол туралы білмейді деп ойлаймын. Бірақ негізі оған достары айтып қоюы да мүмкін. Десе де анам менің жеке өміріме ешқашан араласқан емес. Ол үнемі маған “бақытты болсаң болғаны” деп айтады”, – дейді Әли.

Соңғы жаңалықтар