ИГ-дегі жеті мыңдай содыр бұрынғы КСРО азаматтары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИГ-дегі жеті мыңдай содыр бұрынғы КСРО азаматтары

ИГ-дегі жеті мыңдай содыр бұрынғы КСРО азаматтары

«Ислам мемлекеті» қатарында30 мыңдай шетелдік азамат бар, оның жеті мыңы бұрынғы КСРО республикаларының азаматтары, деді Ресей ФҚҚ директорының орынбасары Евгений Сысоев.

  • 10 Қараша 2015
  • 454
Фото - Caravan.kz


"2015 жылдың ортасына қарай ИГИЛ құрамында 80 мың адам болды, оның ішінде 50 мың адам Сирияда және 30 мың адам Иракта.Олардың қатарында 30 мың шетелдік содыр бар. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі елдерден, оның ішінде Ресей де бар, бұл ұйымның қатарына 7 мыңдай адам мүше болған», деді ол Сочиде сейсенбіде прокурорлардың халықаралық қауымдастығында сөйлеген кезінде.
Ресейлік арнайы қызмет жетекшілерінің бірі атап өткендей, соңғы кезде ИГ көшбасшылары өз ықпалдарын барынша арттырып, географияларын арттыра түскен.
Радикалды ислам ағымдарының қаупі туралы Е.Сысоев атап өткендей, Ауғанстанның солтүстігінде «Хорасан әмірлігі» жария етілген.
Солтүстік Хорасан провинциясында ИГИЛ басшылығы орнатылған, оның басшылары биыл қаңтар айында әмірліктің құрылуын жария еткен. Олардың жоспарына орай, Ауғанстан көне Хорасан шекаралары аумағында исламдық квазимемлекет құра бастаудың алаңшасы болмақ, оған Ауғанстанмен қатар Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Иран, Қытайдың солтүстік батыс провинцияларын қоспақ ойлары бар, деді ол.
Оның айтуынша, әсіресе Ауғанстанмен шекарада Тәжікстан мен Түркменстанда жағдай аса қауіпті болып отыр.

Соңғы жаңалықтар