Игерілмей қалған миллиардттар депутаттардың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Игерілмей қалған миллиардттар депутаттардың жағасын ұстатты

Игерілмей қалған миллиардттар депутаттардың жағасын ұстатты

Үкімет былтыр 43 млрд-қа жуық теңгені тиімді игере алмай, қазынаға қайтарып берді. Салдарынан ондаған мемлекеттік бағдарлама құрдымға кетіп отыр. Бүгін Парламент палаталарының біріккен отырысында    депутаттар бюджет қаржысына жүрдім-бардым қараған шенеуніктердің шетінен жауапқа тартылуын талап етті.

  • 21 Маусым 2014
  • 474
Фото - Caravan.kz


Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

-Әсіресе Қаржы министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі көп қаржыны игермей қалған. Сондықтан бұл министрліктерде  жауапкершілік болу керек.

Жылда игерілмей қалатын бюджеттің қыруар қаржысына жауап беру үшін бүгін Үкіметті премьер Кәрім Мәсімовтың өзі бастап келді. Көп ұстата бермейтін Мәсімовке депутаттар сауалын қарша боратты. Халық қалаулылары былтыр 43 миллиард теңгенің игерілмей қалғанын естігенде тағы жағаларын ұстады. Себебі шенеуніктердің салғырттығынан елімізде 44 мектеп, 5 балабақша, 53 зертхана мен 18 медициналық мекеменің құрылысы басталмай жатып тұралап қалған. Былтырғы бюджет екі рет қайта қаралып, 23 рет түзету енгізілсе де атқамінерлердің ақшаға деген ептілігін арттыра  қоймапты. Енді мұның зардабын жергілікті жұрт тартуда. Кінәлілер жазаланады деген премьер-министр қазына қаржысының игерілмеуіне облыс әкімдерінің басымен жауап беретінін тағы ескертті.