Жарияланды: 1200

ІІМ асылып өлген сарбаздың адвокаты туралы: "Шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті"

ІІМ асылып өлген сарбаздың адвокаты туралы: "Шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті"

Айыпталушының мүддесін қорғайтын Сержан Пралиев сарапшылар өлген адамның аузынан ерлер биоматериалдарын тапқанын айтқан болатын.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.

"20 қаңтарда заңгер Пралиев С., әскерге шақырылушынының өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Пралиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті.

Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды.

Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды", - делінген Polisi.kz сайтында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін