Жарияланды: 20

ІІМ басшысы Алматы орталығында болған атысқа қатысты пікір білдірді

ІІМ басшысы Алматы орталығында болған атысқа қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 7 наурызда Алматы орталығында болған атысқа қылмыстық топ қатысқанын жоққа шығарды.

"Екі қылмыстық топ болғанын жоққа шығарамын. Қазір бандиттерден құралған топтар бізде жоқ. Онда жастардың арасында дау шыққан. Төртеуі ұсталып, қамауға алынды, алты адам іздестіріліп жатыр. Онда шамамен 10 адам болған. Барлығының аты-жөні анықталды, даудың да себебі анықталды. Қылмыстық іс аясында олардың аты-жөнін, жанжалдың себебін де айта алмаймын. Кейінірек тергеу қорытындысын айтамыз", - деді министр. Еске салайық, 7 наурызда кешкі уақытта Алматыдағы Бостандық ауданында атыс болғаны жайлы хабарланған еді. 

Әлеуметтік желілерде таралған видеодан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Бірақ бірде оларға қолында тапаншаға ұқсас заты болған белгісіз біреу келеді. Артынша барлығы тарап кетеді.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін