Мәлім болғанындай, ІІМ-нің осы комитетін кейінгі жылдары басқарып келген Анатолий Выборов отставкаға кетті. «Ол басқа қызметке ауысуға байланысты отставкаға кетуге өтініш берді»,- деді Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов. Ол А.Выборовтың дәл қандай қызметке тағайындалғанын нақты атап айтпады, «қызмет саласы ауыспайды» деді.
Құқық қорғау мекемелерінлегі ақпарат көзінің хабарлауынша, ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы лауазымына Маратқали Нүкенов тағайындалған. Ол бұған дейін Ақтөбе облыстық ІІД-ін басқарды. Алайда, ІІМ-нің баспасөз қызметі әзірге бұл ақпаратты растамай отыр.
М.Нүкенов Ақтөбе полициясын 2003-жылдан бері басқарған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті