ІІМ Жаңаөзендегі заңсыз митингілердің жолын кеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ Жаңаөзендегі заңсыз митингілердің жолын кеседі

ІІМ Жаңаөзендегі заңсыз митингілердің жолын кеседі

Ішкі істер министрлігі Жаңаөзенде заңсыз митинг ұйымдастыру шараларының жолын кеседі.

  • 4 Қыркүйек 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бір топ адам Қазақстанда 55 қытайлық кәсіпорын ашылады дегенге қарсы шықты. Бүгінгі күні бұл ақпарат жалған және ешқандай кәсіпорындар ашылмайды, бірлескен кәсіпорындар бар, инвестициялар бар. Бірақ әлеуметтік желілерде қате ақпарат тарап жатыр, бұл заңсыз. Егер заңсыз митингіге шақыратын болса, ішкі істер органдары бұл митингілерді жолын кесетін болады. Бүгінгі таңда бәрі тыныш", — деді Тұрғымбаев Мәжілістің кулуарында.

Министр Жаңаөзенде тұрғындардың әкіммен кездескенін, соның нәтижесінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.


Осыған дейін, Жаңаөзен қаласында жүздеген ер адам қала әкімдігі ғимаратының жанында жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру талабы бойынша жиналды.
 

Соңғы жаңалықтар