ИКҰ Сирия халқы мен ел билігін диалогқа шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ Сирия халқы мен ел билігін диалогқа шақырды

ИКҰ Сирия халқы мен ел билігін диалогқа шақырды

Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сириядағы жағдайға алаңдаушылық білдіреді, деп ИКҰ бас хатшысы Экмеледин Ихсаноғлы мәлім етті.

  • 28 Маусым 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

«ИКҰ Сирия қалаларында болып жатқан тәртіпсіздіктерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Біз бұл елді ұлттық диалогқа шақырамыз және тәртіп сақшылары мен халық арасындағы қантөгісті тоқтату үшін Сирия үкіметі жариялаған реформаларды тездетіп жүзеге асыру қажет», — деді Э.Ихсаноғлы ИКҰ-ның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында.

«Мен Тунис пен Мысырдағы демократиялық өзгерістерді қуаттаймын. (…) мен бұл өзгерістер тәртіпті күшейтіп, демократия мен экономиканың дамуын қамтамасыз етеді деп сенемін (…) », — деп атап өтті ол.
Сонымен қатар ол «ИКҰ Ливия дағдарысын шешуге шақырады және Ливия халқының заңды талаптарын қуаттайды» деп қорытты.

Соңғы жаңалықтар