ИКҰ төрағасы ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы тәжірибесін пайдаланбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИКҰ төрағасы ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы тәжірибесін пайдаланбақ

ИКҰ төрағасы ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы тәжірибесін пайдаланбақ

Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) төрағасы ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы тәжірибесін пайдаланбақ, деп мәлімдеді парламент сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының жетекшісі Қайрат Мәми.

  • 21 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы спикер Астанада сейсенбіде ислам істері жөніндегі министрлер конференциясының (Сауд Арабиясы) бас хатшысы Маджид Абдул Азиз ат-Түркімен кездесу барысында айтты.

Қ.Мәми атап өткендей, «Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігін араб және мұсылман әлеміндегі стратегиялық әріптес ретінде қабылдайды».
Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлап өткендей, бүгін Қ.Мәми Бүкіл қытайлық буддистер ассоциациясының (Қытай) халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Пу Чженмен, Израильдің бас сефард раввинінің өкілі Мэйр Данинмен, Мәскеулік патриархтың шіркеу мен қоғамның өз ара қатынасы жөніндегі бөлім төрағасының орынбасары Георгий Рощинмен, Қасиетті престолдың діниаралық диалог жөніндегі папалық кеңесінің өкілі Кристиан Троллермен, ислам мәдениетінің Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» Египет университетінің ректоры Махмұд Хиджазбен кездесті.
Бұл кездесулер барысында олар қазақстандық діниаралық форумды одан әрі ілгерлету мәселелерін талқылады, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар