Іле –Алатауына лаңкестерді өткізіп алған парк басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іле –Алатауына лаңкестерді өткізіп алған парк басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін

Іле –Алатауына лаңкестерді өткізіп алған парк басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін

Іле-Алатауы ұлттық паркіндегі қырғынға қатысты іс сотта қайта жалғасуы мүмкін. Сол 2 жыл бұрынғы қанды оқиға кезінде ағайын-туысынан айырылып, күйеуі із-түзсіз жоғалған Ольга Захаропуло қорық басшыларының жауапқа тартылуын талап етуде. Тиісті арызын прокуратураға тапсырып та қойыпты. Айтуынша, лаңкестер парк аумағына өтіп кетуіне сол басшылықтың салғырттығы себеп болған.

  • 12 Қараша 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz

Ольга Захаропуло қанды оқиғадан кейін әлі өз-өзіне келе алмай жүр. Содырлар оның бір емес бірнеше жақын туысын қырып салған болатын. Қорықты күзеткен күйеуі де із-түссіз жоғалып кетіп, мәйіті әлі күнге дейін табылған жоқ. Жақындарының өлімін енді ол Іле-Алатауы ұлттық паркінің басшыларынан көріп жүр.

Ольга Захаропуло, Игорь Захаропулоның жұбайы:

-Қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмаған. Лаңкестер тауда емін-еркін тайрандап жүрді. Ал инспектор болса, жұмысына салғырт қарап, кардонды қараусыз қалдырды. Егерде, бақылау болғанда кісі өлімі болмас еді. Сондықтан, парк басшылығын жауапқа тартуды талап етем.

Ольга Захаропуло енді ісіне салғырт қарағандардың сазайын тарттырмай қоймаймын дейді. Тек қорықшының жұбайытаққан бұл айыптармен парк басшылығы мүлдем келіспей отыр.

Дамир Малгелдиев, Іле-Алатауы ұлттық паркі директорының орынбасары:


-Келіспеймін. Мынау Ольга Захаропуло материалдық көмек Үкіметтен сұрап жатыр деп ойлаймын. Себебі, ол байсыз қалды. Балалары әкесіз қалған жағдай. Сол үшін мен ойлаймын сол материалдық көмек сұрайын деп отыр.  Мақсаты сол.

Күллі жұрттың жағасын ұстатқан қанды оқиғаға биыл екінші жыл. Іле-Алатауы паркін жасырын мекендеп келген лаңкестер екі бірдей қорықшының отбасын қырып салған болатын. 12 адамның мәйіті табылып, тағы бір қорықшы – осы Ольганың күйеуі Игорь Захаропулоның денесі сол күйі із-түссіз жоғалып кеткен. Қаскөйлер көр ұзамай қолға түсті. Лаңкестердің басшысы Саян Хайров былтыр 11 жылға сотталса, оның сыбайласы Зәуірбек Ботабаев әлі бостандықта. Сондықтан, бүкіл елді дүрліктірген қылмыс әлі де жалғаспақшы.