Іле Алатауында ағаш бұтап, от жаққандарға айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іле Алатауында ағаш бұтап, от жаққандарға айыппұл салынды

Іле Алатауында ағаш бұтап, от жаққандарға айыппұл салынды

Алматыда тау бөктерінде ағаштарды кесіп, от жаққан адамдар 120 мыңнан астам сомада айыппұл төлейтін болды.

  • 30 Қаңтар 2018
  • 140
Фото - Caravan.kz

Табиғатқа келтіріліп жатқан нұқсан туралы еріктілер Фейсбуктегі «Защитим Алматы» тобында жариялаған болатын. Бейнекадрда ер адамдар бірнеше ағашты шауып, ортаға от жаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Іле Алатауы» Ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі бұл оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Жедел әрекет ету тобының испекторлары бұл адамдарды ұстады. Қазір ҚР ӘқбК-нің 367-бабы 4-бөлігімен «Ормандағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұзақылар 120 250 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды», — деді парк әкімшілігінен.

Сонымен қатар бұл адамдар  орман ағаштарын заңсыз шапқаны үшін де жауапкершілікке тартылатын болады.


Іс материалдары Медеу аудандық ІІБ-ға берілді.

Соңғы жаңалықтар