Имам: Пандемия жағдайында сәресі ішудің маңызы зор - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Имам: Пандемия жағдайында сәресі ішудің маңызы зор

Имам: Пандемия жағдайында сәресі ішудің маңызы зор

Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов ораза кезінде сәресі ішуден бас тартушыларға кеңес айтты.

  • 9 Сәуiр 2021
  • 179
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Ораза ұстаған жандар сәресіні ішуге мән беруі керек. Көп жағдайда кей адамдар ораза кезінде қарным ашпайды деген желеуді алға тартып, таңсәріде тамақ ішпей, аузын бірден ашып жатады. Бұл – үлкен қателік. Жалпы біздің мұсылмандардың ораза ұстауындағы үлкен бір ерекшелігі сәресі ішуде. Пайғамбар хадисте «Сәресі ішіңдер, сәресіде береке бар» дейді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әрбір ораза ұстайтын адамды таңсәрідегі азық-ақуатқа жіті мән беруге шақырамыз. Адам ағзасына керекті әр түрлі дәрумендер мен пайдалы тамақтарды жеп, сәресі ішуге шақырамыз», — деді Ерболат Жүсіпов.


Шара барысында
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Рамазан айында мешітке келудің тәртібін түсіндірді.

Еске салсақ, осы брифингіде елордалық еріктілердің ауызашар қоржынын жеткізуге көмектесетіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар