Имамдар малға, пұлға сатылады - дінтанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Имамдар малға, пұлға сатылады - дінтанушы

Имамдар малға, пұлға сатылады - дінтанушы

Дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышқанұлы имамдықты өз мүддесіне қолданатындарды потенциалы төмен деп, имамдарды екіге бөлді. 

  • 1 Қыркүйек 2022
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Нартай Аралбайұлының ютуб каналына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дінтанушы имамдардың жағдайы 90 жылдағы кезден жақсарып қалғанын тілге тиек етті. 

— Имамдықты өз игілігіне қолданатындар бар. Оларды потенциалы төмен деп айтамыз. Жақсы үй салып, жақсы көлік мініп жүргендері де бар. Халықтың имеке, молдеке деген сөзіне масайрап қалады. Олар да пендешілікке салынады. 

Бізде халықтың қателігі бар. Діндарды — дін деп ойлаймыз. Шын мәнісінде,  заңгерді — заң деп ойламаймыз ғой. 

Көр адамдар діндарлардың көңілін тапқысы келеді. Оларға құран оқытып, шапан жапқысы келеді. Бірақ, бұл имамдардың дандайсуына алып бармау керек. Өйткені оның ішкі кемелдігі, ішкі руханияты әлсіз болып тұр. Ішкі руханияты жоғары болатын болса, олар малға, пұлға сатылмайды, дейді теолог. 


Кейбір адамдар имамның көңілін тапсақ, бәрі жақсы болады деп ойлады. 

Соңғы жаңалықтар