"Иманды болыңыз, маэстро": Меруерт Түсіпбаева марқұм Берік Исмаиловты еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Иманды болыңыз, маэстро": Меруерт Түсіпбаева марқұм Берік Исмаиловты еске алды

"Иманды болыңыз, маэстро": Меруерт Түсіпбаева марқұм Берік Исмаиловты еске алды

Әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм болған танымал дизайнер Берік Исмайылов туралы әсерлі жазба жариялады.

  • 5 Қаңтар 2021
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа арнасы.

"Сансыз көйлек тігіп едіңіз. Ісмер едіңіз! Іскер едіңіз!! Шебер едіңіз! Иманды болыңыз, маэстро. Бұл көйлектің матасы “Ковалли, ”Италия". Ұлттық нақыштағы өрнектерден аумайды иа? Осы көйлекті дәл осылай пішкенде, семіз болып тұрмын деп тәлпіштенгенмін. Сол кезде Берік аға "сен не түсінесің" деп, өзінің фантазиясындағы эскизбен жасаған. Марқұм. Өмірден озған жақындарыма, “ марқұм” деп айту маған өте ауыр, бірақ айтуға тура келеді. Жаныңыз жәннәтта болсын, жақсы адам" , — деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева авторлық мектебінің түлегі.

Еске салсақ, марқұм былтыр шілде  айының 13-ы күні қайтыс болды.

 

Соңғы жаңалықтар