Жарияланды: 450

Иманғали Тасмағамбетов өндірістегі қайғылы оқиғаларды болдырмау жөнінде тапсырма берді

Иманғали Тасмағамбетов өндірістегі қайғылы оқиғаларды болдырмау жөнінде тапсырма берді

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ведомствода аппараттық кеңес өткізді.

Онда кәдеге жарату қалдықтарын жою кезінде 8 қарашада Арыс қаласының маңындағы полигонда орын алған оқиғаны болдырмау туралы мәселе қаралды.   Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Одан басқа, «Қазтехнология» ЖШС-ның басшысына алдағы уақытта осындай оқиғаларды болдырмау және робот техниканы енгізу пайдасының асырылуына адами ресурстарды қолдануды барынша азайту көзделетін жаңа технологиялар мен кәдеге жарату әдістерін, жүйелерін әзірлеу туралы тапсырмалар берілді.

Бүгінгі таңда аталған оқиғаны тексерумен 2007 жылғы 15 мамырдағы ҚР Еңбек кодесінің №252-ІІІ Заңы 326-бабы, 7-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының еңбекті басқару ресми комиссиясы айналысып жатқанын атап өту қажет. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін