Бұл туралы брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Брифингте С.Сваминатан «Ұжымдық иммунитетті табиғи жолмен қалыптастыру тиімді бола ма?», — деген сұраққа жауап берді.
«Иммунитетке қол жеткізудің ең дұрыс әдісі – вакциналау. Және онымен қамту 65-70% кем болмауы тиіс», — деді ол.
Өз тарапынан ДДҰ сарапшысы Мария ван Керкхове атап өткендей, ұжымдық иммунитетті табиғи жолмен қалыптастыруға талпыныстар қауіпті болмақ және ол өлім-жітімнің артуына алып келеді. Оның айтуынша, вакциналау халықты қорғаудың ең тиімді тәсілі болып табылады. «Бүкіл әлемде қауіпсіз және тиімді вакцинаны әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде», — деді М. Керкхове.