Иммунолог: "Омикронды" тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иммунолог: "Омикронды" тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін

Иммунолог: "Омикронды" тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін

Иммунолог Владимир Болибок "омикрон" штамының адамшошырлық қасиетін атады. Маманның айтуынша, тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін.

  • 13 Қаңтар 2022
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Осы уақытқа дейін жұқтырудың мұндай көрсеткіші болған емес. Қызылша ең жұқпалы ауру деп саналатын, бірақ бұл тұрғыдан келгенде омикрон асып түсті", — дейді иммунолог. 

Болибоктың пайымынша, вирусты жұқтырған адаммен сөйлесу, оның есінеуі, тіпті, дем алуы жұқтыруға себеп болуы мүмкін. 
Сондай-ақ, иммунолог вирустың балалар үшін аса қауіпті екенін атап өтті. 

"Олар белсенді түрде ауырады. Ауруханаға ауыр халде түсетіндердің саны күрт артады. Қазіргі басты мақсат — балалар өлімінің артуына жол бермеу", — деді маман. 


Бұған дейін қазақстандық инфекционист дәрігер Динагүл Баешева балалардың вирусты қиын өткеретінін айтқан еді. 

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлағаны анықталды. Бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып жығылған.

 

Соңғы жаңалықтар