Индонезия министрi Мұхаммед Нұх Джакартада Қазақстанның мәдениет күндерiн өткiзуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.28
  • 537.53
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезия министрi Мұхаммед Нұх Джакартада Қазақстанның мәдениет күндерiн өткiзуге шақырды

Индонезия министрi Мұхаммед Нұх Джакартада Қазақстанның мәдениет күндерiн өткiзуге шақырды

Индонезия министрi Мұхаммед Нұх Джакартада Қазақстанның мәдениет күндерiн өткiзуге шақырды.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Астанада Индонезияның мәдениет күндерiнiң ашылуына арналған гала-концертте Индонезияның Бiлiм және мәдениет министрi Мұхаммед Нұх мәлiм еттi.

"Бүгiн  екi ел арасындағы қарым-қатынастардың жаңа дәуiрi туды. Бiздiң елдер арасындағы әрiптестiктi одан әрi тереңдете түсу қажет. Қазақстанда Индонезияның мәдениет күндерiн өткiзуге үлкен көмегiн берген өзiмнiң әрiптесiм — Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғысым шексiз. Мен Индонезияда Қазақстанның мәдениет күндерiн өткiзуге  шақырамын", — дедi М.Нұх.

"Бiздiң халықтардың кем дегенде үш ұқсастығы бар: бiрiншiден, Қазақстан мен Индонезия әлемде маңызды рөлге ие, екiншiден, бiздiң мәдениеттерiмiз көп түрлi, көпұлтты және көпдiндi елдермiз, үшiншiден, бiз халықтар арасындағы мәдени әрiптестiктiң тереңдеуiне мүдделiмiз", — деп атап өттi министр.


Айта кетейiк, бүгiн, дүйсенбi күнi Астанада Индонезияның мәдениет күндерiнiң ашылуына арналған гала-концерт өткен болатын. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Индонезия Бiлiм және мәдениет министрi Мұхаммед Нұх қатысты.