Бұл шешім Азия елдерінде мұнай бағасының көтерілуі экономикалық және әлеуметтік ахуалға ықпалын тигізудің салдары болмақ, деп жазады басылым.
Индонезияның энергетика министрі Пурномо Юсгианторо елдің ұйымнан шығу себебін отынды тұтынушы ел ретінде Индонезияның мұнай бағасын төмендетуге талпынғанымен, ал ал ұйымға мүше басқа 12 елдің ондай ниеті жоқ екендігімен түсіндірген.
Индонезияда ең жоғары мұнай өндіру көлемі 1976 жылы тіркелген. 2005 жылы бұл ел отын сатып ала бастады. Бүгінгі жағдаймен Индонезия күніне 1 млн баррельден аз мұнай өндіреді.
Индонезия ОПЕК-ке 1962 жылы- ұйым құрылғаннан екі жылдан кейін біріккен. Ел Азия-Тынық мұхиты аймағынан ОПЕК-ке мүше болған жалғыз мемлекет болып саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті