Индонезияда жантүршігерлік жер сілкінісінен жүзге тарта адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезияда жантүршігерлік жер сілкінісінен жүзге тарта адам қаза болды

Индонезияда жантүршігерлік жер сілкінісінен жүзге тарта адам қаза болды

Индонезияда екі жер сілкінісі болып, 90-нан астам адам қаза тапты.

  • 6 Тамыз 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы Индонезияда жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Индонезия табиғи апаттармен күрес агенттігінің Қазақстан консулына берген алдын ала мәліметінше, зілзала салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", — деп хабарлады Sputnik-ке сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Индонезиядағы елшілігімен тұрақты байланыста.  

Индонезиядағы жер сілкінісі 

Жексенбі күні, Астана уақытымен 14:56-да Индонезияның Суматра аралының батыс жағалауында 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Дүйсенбі күні жерасты дүмпулері қайталанып, Астана уақытымен таңғы сағат 06:28-де Ломбок аралының солтүстік жағалауында тағы да жер сілкінді. Бұл жолы магнитудасы – 5,5. 


Туристер арасында танымал Бали аралында жерасты дүмпулері сезілген. 

Ломбок аралында жер сілкінісінен 90-нан астам адам қаза тапты. Екі жүзден астам адам ауыр жарақат алған. 

Бұған қоса, Ломбок маңындағы аралдардан 900 турист эвакуациялануда, деп жазды РИА Новости.

 

Соңғы жаңалықтар