Жарияланды: 420

Индонезияда жарылған ұшақ қолма-қол ақша апара жатқан

Индонезияда жарылған ұшақ қолма-қол ақша апара жатқан

Индонезиялық Trigana Air әуе компаниясының ұшағы 6,5 млрд рупий апара жатқан еді, деп хабарлады Индонезия почтасының өкілі.

Ақша субсидия ретінде шет жердегі провинциядағы кедейлерге берілуге тиіс болатын.
Шенеунік атап өткендей, ақша төрт қапқа салынған, оны почталық ведомствоның төрт қызметкері апара жатқан.
Лайнердің сынықтарын дүйсенбіде таңертең іздеу – құтқару операциясының ұшағы тапқан.
Лайнер бортында 54 жолаушы және экипаж мүшелері болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін