Жарияланды: 320

Индонезиядағы әуе апатында қаза тапқандардың жанұясына 90 мың доллар төленеді

Индонезиядағы әуе апатында қаза тапқандардың жанұясына 90 мың доллар төленеді

Индонезиялық Trigana Air Service әуе компаниясы жуырда Папуа провинциясында болған апат салдарынан қаза тапқандардың әрбірінің жанұясына

шамамен 90 мың доллордан төлейді, деп хабарлады ТАСС. 

«Заңды мұрагерлерге төлемдерді төлеу жақын арадағы үш-төрт аптада басталады»,- деді әуе тасымалдаушының өкілі Бенни Сумарианто. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті заңнамамен бекітілген бұл өтемақыдан бөлек ажал құшқандардың отбасыларына сақтандыру компаниясынан $7,2 мыңнан бөлінеді.

БАҚ-та хабарланғандай, Trigana Air Service әуе компаниясының ATR жолаушылар ұшағы Джаяпура қаласының Сентани әуежайынан ұшқаннан 30 минуттай өткен соң Папуа провинциясында тауға соғылып құлаған.

Ұшақ бортында 49 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Авиалайнер бөлшектері елдің шығысындағы таулы аудандардан табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін