Бұл туралы келісімшартқа өткен дүйсенбіде "Ақтау теңіз кемежайы" арнайы экономикалық аумағы" басқармасының төрағасы Әмірбек Төлегенов және компанияның бас директоры Антон Боада қол қойды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
"Indox Samruk Kazakhstan" ЖШС испандық Ros Roka Indox (51%) және қазақстандық "Самұрық-Қазына Инвест" (49%) бірлескен кәсіпорны болып табылады. Оны құру туралы келісімшартқа Испания премьер-министрі Мариано Рахойдың Қазақстанға 2013 жылы 30 қыркүйектегі сапары кезінде қол қойылған болатын.
Кәсіпорын құны 534 млн еуро "Мұнай өнімдері, сұйытылған және қысылған газ үшін жабдық шығаратын өндірістік кешен" жобасын жүзеге асыратын болады. Жобаны орындауға жұмсалатын компанияның өз қаржысы 160,2 млн еуро ("Самұрық-Қазына Инвест" — 78,5 млн еуро, Ros Roka Indox — 81,7 млн еуро), қарыз ақша – 373,8 млн еуро.