Instagram желісінде жаңа функциялар пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Instagram желісінде жаңа функциялар пайда болды

Instagram желісінде жаңа функциялар пайда болды

Instagram құрастырушылары жаңа функцияларды енгізді. Оның арқасында қолданушылар өзара байланысты жақсартады.

  • 20 Желтоқсан 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі компанияның блогына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сіздер достарыңызбен қарым-қатынас жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерін көресіздер және Instagram желісінде бақылайтын адамдарыңызбен тығыз байланыс орнатасыздар", — делінген блогта. 

Енді Stories жүйесіне стикерлерді қосуға болады, бірақ уақытын өзіңіз таңдайсыз. Құрастырушылардың айтуынша, бұл достарға әсерлі сәттерді бірге санауға көмектеседі. Уақыты аяқталғанда қосымша арнайы хабарландыру жібереді.

Сонымен қатар, Stories-те жарияланған жазбаларға жауап ретінде әуен қосу мүмкіндігі пайда болды. Stories-ті әзірлеуге таңдалған әуен фото не видео қарау кезінде шырқалады, ал авторы жазбаның бетіне шығады. 

Ал онлайн-эфир кезінде қолданушылар сұрақтарын стикерге жазып жібере алады. Осылайша, достардың сұрағы пікір қалдырушылардың арасында жоғалып кетпейді. 


"Өзіңіздің сүйікті блогеріңізден сән жайлы, мерекелік макияжды қалай жасау керектігін сұраңыз, ол сізге практика жүзінде жауап береді", — дейді құрастырушылар. 

Соңғы жаңалықтар