Интеграция әлеуеті шектеулі шағын мемлекеттерге бүкіләлемдік жаҺандану құбылысына бейімделуге мүмкіндік береді - ҚР Елбасы
"Интеграция әлеуеті шектеулі шағын мемлекеттерге бүкіләлемдік жаҺандану құбылысына бейімделуге мүмкіндік береді". Бүгін, 2-сәуірде Астанада өткен "Еуразиялық одақ : идеядан тәжірибеге ден қою" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
"ЖаҺандануды тек жақсылық қана әкеледі деп адасуға болмайды, бірақ дегенмен, бұл одан мүлдем теріс айналып, қарсы алдынан есікті тарс жабуды меңземейді",- деді Елбасы. Н.Назарбаевтың айтуынша, "жаҺандану пайдамен бірге оған есігін айқара ашқан елдерге кейбір қиындықтар да әкеледі". "Бұрынғы КСРО аясындағы интеграциялық процестер күшейген сайын, одақтық республикаларға бүкіләлемдік жаһандану құбылысының залал-зардабы жеңіл тиеді".
"Еуропадағы интеграциялық құбылыстардың тәжірибесі көрсеткендей, әлеуеті жағынан Қазақстаннан кем түсетін шағын елдер Еуропалық Одаққа мүшелікке өту арқылы жаһандану құбылысына жеңілірек бейімделе бастады",- деді Н.Назарбаев.
Қазақстан мемлекет басшысының пікірінше, "Біртұтас экономикалық кеңістік құру Қазақстан мен бұрынғы кеңестік республикаларға жаһанданудың залал-зардабын жеңілдетуге мүмкіндік береді".
"230 млн халық шоғырланған бұрынғы Кеңестік республикалардың адами әлеуеті мен олардың экономикалық мүмкіндіктері, тіпті Еуропалық Одақтың өзі санасуға құлық танытатын қуатты одақ құруға мүмкіндік береді",- деді Н.Назарбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін